BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Джеки Чанның Астанаға қашан келетіні белгілі болды

7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.

«Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер - Джеки Чан болмақ. Осы шарада Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер - Джеки атты қытай археологын сомдап шықты.

Шараны «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы ұйымдастырады.

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ұлттық арнаның Басқарма төрағасы Ерлан Қарин "ЭКСПО-2017" көрмесіне Джеки Чанның келетінін хабарлаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер