BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Джеки Чан: Мен жындымын, бірақ топас емеспін

Фото: Ержан Жаубай
  1. Қытай xалқы бақылауға мұқтаж. Әйтпесе, олар ойына келгенін істейді.
  2. Мен ешқашан екінші Брюс Ли болуға тырысқан емеспін. Менің бар болғаны бірінші Джеки Чан болғым келеді.
  3. Қауіпті трюктер жасар алдында менен бәрі: "Джеки, қорқып тұрған жоқпысың?" деп сұрайды. Әрине, қорқам. Не, мені Супермен деп ойлап па едіңдер?
  4. Кейде кинода жағымсыз кейіпкерді де ойнағым келетін сәттер болады. Кейде, тіпті, кинода өліп қалғым келеді.
  5. Мен - періште емеспін. Менің де жаман әдеттерім көп-ақ.
  6. Күндердің күнінде бір голливудтық продюсер немесе режиссер маған таза драмалық дүние жасауға ұсыныс жасайтынынан әлі де үміттімін.
  7. Егер саған шектен тыс еркіндік берілсе, сен қазіргі Гонконг сияқты боласың. Яғни, шектен тыс бей-берекет.
  8. Көрерменді түсіну қиын. Нені ұнатады, нені жек көреді - біліп болмайсың. Бір киноларым өзіме ерекше жақын, бірақ көрермеге өтпей қалады. Енді бір дүнием өзіме жақпайды, дегенмен, бокс офисті қырып жатады. Қызық.
  9. Мен жындымын, бірақ топас емеспін.
  10. Меніңше, қазіргі ең маңызды фильмдер - отбасылық фильмдер.
  11. Кейде мен таңғы беске дейін кезлесулерде болам. Сосын екі сағат ұйықтап, қайтадан түсірілім алаңына кетуім керек болады. Сондай сәтте өзімнен сұраймын: осының бәрі не үшін?
  12. Мені Джеки Чан еткен - еңбек. Ауыр еңбек. Жұрттың бәрі ұйықтап жатқанда, мен жаттығу алаңында жүретінмін.
  13. Көрерменнің көңілін көтеруден бөлек, менің кино арқылы тәрбиелік дүниелерді де сіңіргім келеді. Білесіз бе, продюсер немесе режиссер ретінде біздің қоғам алдында үлкен жауапкершілігіміз бар.

Естеріңізде болса, ол бүгін Астанада өткен кездесу барысында БАҚ өкілдерінің көмекке мұқтаж жандар жайлы жиі жазуын қалайтынын айтқан болатын. Одан бөлек, Джеки Чан өзінің Қазақстан жайлы арманын да айтты. Сонымен қатар Қазақстандағы Қытай кинофестивалінің ашылу салтанаты барысында ҚР АШМ Дәурен Абаев құттықтаған еді. Ал танымал әнші Димаш Құдайберген Жекиге тосынсый жасады.

Мұрат Есжанның парақшасынан алынды


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер