BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Димаш Америкада киноға түсіп жатыр

Нью-Йорк қаласының ең үздік полиция қызметкері, отандасымыз Димаш Ниязов «Бизнес по-казахски в Америке» фильміне түсіп жатыр. Бұл Димаштың кино әлеміндегі дебюті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте дүниеге келген Димаш 13 жасында Нью-Йоркке қоныс аударады. Қысқа уақыт ішінде үлгілі қызметінің арқасында алдыңғы қатарлы полицей атанып үлгерген ол кәсіпқой бокспен де айналысады.

Оны «Бизнес по-казахски в Америке» киносына түсуге шақырған фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев болатын. Нұрлан Қоянбаев инстаграмдағы жеке парақшасына ұсынысты бірден қабыл алған Димаш Ниязовтың Лос-Анджелестегі «Бизнес по-казахски в Америке» киносының түсіріліміне кірісіп кеткенін жазды.

Димаш Ниязов былтыр есірткі саудасын жолға қойған өте атақты қылмыскерді қолға түсіріп, басшыларының алғысын алған. Қаржылай сыйақы алып, қызметі жоғарылаған отандасымыз Нью-Йорк штатының ең үлгілі полицейі атағын иеленген болатын. Димаш қазір отбасымен Нью-Йорк штатына қарасты Бруклин қаласында тұрады.

Айта кетейік, фильм осы жылдың соңына қарай еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарлануда. Нұрлан Қоянбаевтың продюсерлік етуімен бұған дейін «Бизнес по-казахски» комедиясы жарық көрген болатын. Онда отандық актерлермен бірге үнді актері, «Келін» телехикаясының жұлдызы Сиддхартх Шукла да басты рөлдердің бірінде ойнаған еді.

Суреттер Нұрлан Қоянбаевтың инстаграм парақшасынан алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер