BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін «Бастау-2016» кинофестивалі басталды

Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Студенттік фильмдер мен киномектептердің VI «Бастау» халықаралық кинофестивалі басталды. Қазан айының 24-28 аралығында өтетін шараға ресейлік кинорежиссер, актер Владимир Меньшов пен продюсер, кинорежиссер Нұртас Адамбаев қазылық ететін болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Биылғы іріктеу комиссиясына 36 елден 305 фильм келіп түскен. Солардың ішінен таңдамалы 57 фильм конкурстық бағдарламада бақ сынайды. Шараның ашылу салтанаты Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді. Ашылу фильмі ретінде Лейла Тоғастың «Мариям әні» («Песнь Мариям») картинасы көрсетіледі. Ауқымды шара барысында белгілі кино өнерінің тарландары келушілерге шеберлік сабақтарын өткізіп, семинар-конференциялар ұйымдастырылмақ. Биылғы халықаралық қазылар алқасын Ресейдің белгілі актері, режиссері, «Оскар» иегері, РФ халық әртісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Меньшов басқарады. Құрамда, сонымен қатар, Голливудтан келген оператор Хиро Нарита, британ жазушысы, Азия киносының маманы Джаспер Шарп, ресейлік актриса Анна Горшкова және отандық белгілі продюсер, кинережиссер Нұртас Адамбаев бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер