BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Брюс Уиллис қатысқан фильм түсірілімінде адам қайтыс болды

"Сиротский Бруклин" фильмі түсірілген ғимарат өртенді. Фильмге Брюс Уиллис пен Алек Болдуин сынды актерлер қатысқан, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Өрт кезінде бір өрт сөндіруші қайтыс болып, кем дегенде бес адам зардап шекті. Оқиға 22-нен 23 наурызға қараған түні Нью-Йорк қаласында болған. Түсірілім жұмыстары St. Nick's Jazz Pub тарихи ғимаратында жүргізілді. Өрт осы ғимарат жертөлесінде өршіген.

Тілсіз жауды 200-ге жуық өрт қызметкері сөндірді. Өрт сөндірушілердің бірі түтінге түншығып, қатты күйік алып, қайтыс болған.
"Сиротский Бруклин" фильмі 2019 жылы прокатқа шықпақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер