BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ботай мәдениеті туралы кино түсірілмек

Фото: izdatelstvo-sk.kz

Канадалық танымал телекомпания Ботай мәдениеті туралы деректі фильм түсірмек. Осындай тың қадам жасауға бел буған продюсер, режиссер әрі антрополог Найоби Томпсон бастаған түсірілім тобы Солтүстік Қазақстан облысындағы археологиялық қазбалар орнына ат басын тіреді - деп жазады BAQ.kz тілшісі 24.кз-ке сілтеме жасап.

Энеолит дәуірінде өмір сүрген тайпалар шетелдіктерді несімен қызықтырып отыр?

Ботайлықтар – біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Солтүстік Қазақстанда өмір сүрген тайпалар. Энеолит дәуірінен сыр шертетін мәдениетті археолог Виктор Зайберт 1980 жылы ашқан. Бір қызығы, Еуразия аумағында тұңғыш қолға үйретілген жылқылар осы жерді мекендеген екен. Алғашқы қымыз да осында өндірілген деседі ғалымдар.

"Осы күнге дейін жылқылар алғаш рет Украинаның Дериевка деген жерінде қолға үйретілді деп есептелген. Бұл – шамамен III-VI мыңжылдық. Ал Ботай мәдениетінің пайда болуы күллі әлем ғалымдарын таңқалдырды - дейді археолог Виктор Зайберт.

Негізі, бұл қазба орнында адамның қалдықтары сирек кездеседі. Көбіне Қамбар ата түлегінің сүйектері көптеп табылады екен. Ал осы жаздың басында археологтар тағы бір ботайлықты анықтады. Оның жасы мен жынысы белгісіз. Қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы Ботай мәдениетінің тарихы бір ғасырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында бұл адамдар 365 мың жылқыны сойып жеді деген ақпартты ғалымдар айтып отыр.

Қырық жыл жүріп жатқан қазба жұмыстары барысында бас-аяғы 9 адамның қаңқасы, ал жылқының ондаған тонна сүйегі табылған. Жалпы араб, ағылшын аттары Ботай тұқымынан тарады деп топшылайды ғалымдар. Сондықтан әлемнің көптеген зооархеологтарының назары бүгінде Ботай мәдениетінде.

"Бұл қалай Еуразия аймағына жайылды, қалай осы жерде пайда болды, ол цивилизациялық прогреске қандай үлес қосты, осы жерде қымызды қай заманда ішуді бастады, етін қашан жеді, мұндағы адамдардың шығу тегі қандай болған. Осы мәселелерді ашуға бүгінгі технологиялар көмексетеді - деді «Қазақ Географиялық Қоғам» ҚБ төралқа мүшесі Нұрбол Баймұханов.

Ботай мәдениетінің тарихын ашуға Канада, Дания, Ұлыбритания, Франциядан тарихшылар, археологтар, генетиктер мен антропологтар арнайы келді. Олардың арасында белгілі режиссер әрі продюсер Найоби Томпсон да бар. Мақсаты – ботайлық жылқылар туралы фильм түсіру.

"Біз 1,5 жыл бойы әлемді аралап, жылқы мен адам арақатынасының сырын ашуға тырысамыз. Түсірілімді Ботай мәдениеті пайда болған жерден бастауды жөн көрдік. Өйткені Еуразия аумағында аттар алғаш рет осы жерде қолға үйретілді - дейді канадалық әрі режиссер, әрі антрополог Найоби Томпсон.

«Түсірілім бес күнге созылады», - дейді режиссер. Ал фильмнің өзі 1,5 жылдан кейін көрерменге жол тартады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер