BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

BBC World Қорғас туралы деректі фильм көрсете бастады

Британиялық «BBC World» телекомпаниясы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА туралы деректі фильмді көрсете бастады, деп хабарлайды Baq.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шығыс пен Батыс түйіскен тұс» деп аталатын деректі фильм «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА туралы түсірілген. Онда Шығыс пен Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағдарларының түйіскен тұсында әлемдік деңгейдегі ірі дистрибуциялық орталық дамып келеді.

«Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан Құрғақ порт Азия мен Еуропаға шығатын транзиттік пойыздарды өңдеуден өткізеді»,-дейді фильмнің продюсер Д. Уэльс.

Деректі фильмді түсіру тобы Нұркент селосының жергілікті тұрғындарының тағдыры туралы қызықты материал әзірлеген.

Деректі фильмде «Қорғас» ХШЫО ерекше орын алады. Бұл жоба Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының бастамасымен жүзеге асырылуда. Негізгі инвестициялық нысандардың құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Фильм «ВВС Worldwide» бағдарламасы арқылы сегіз тілде беріліп, аптасына әлемнің 74 миллион көрерменін қамтымақ.

Қазақстандық көрермендер деректі фильмді 27 мамырда тамашалайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер