BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балуан Шолақ туралы көркем фильмнің түсірілім жұмыстары басталды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында сценариі Дулат Исабековтің «Жаужүрек» пьесасы желісі бойынша жазылған «Балуан Шолақ» (шартты атау) атты толықметражды көркем фильмнің қорғалымы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіргелі отырған бұл фильм балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өмірі туралы баяндайды. Қорғалым барысында фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңес мүшелеріне түсірілім тобын таныстырып, түсірілімдер болатын аймақтарды атап шықты.

«Балуан Шолақ соңғы серілеріміздің бірі. Ол – композитор, балуан, ат құлағында ойнаған спортшы. Фильмде Балуан Шолақтың бойында бар өнерін, елінің қамы үшін түрлі ерлікке бара алатындығы мен Ғалияға деген махаббатын көрсеткіміз келеді. Түсірілім тобындағы барлық департаменттер түсірілімге толыққанды дайын». – деді режиссер.

Түсірілімдер Акмола облысы және Павлодар облысында өтеді, сондай-ақ кей сахналар «Қазақфильмнің» павильондарында түсірілетін болады. Фильмнің қоюшы суретшісі Еркін Сүлейменов фильмнің негізгі сахналары болатын «Жәрменке» және «Балуан Шолақтың ауылы» декорацияларын Алматы облысы Жалаңаш және Кеген ауылдарында тұрғызылғаны туралы айтып берді.

Киностудияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Балуан Шолақтың рөліне режиссер актер Еркебұлан Дайыровты таңдаған. Фильмге еліміздің басқа да танымал театр актерлерімен қатар дебютант-актерлер де түсетін болады. Түсірілім жұмыстары 1 маусымнан Алматы облысында басталады.

Айта кетейік, «Балуан Шолақ» картинасы 2017 жылдың басынан дайындық кезеңінде болатын. Аталмыш кезеңде басты және қосалқы рөлдерге актерлерді іріктеу, реквизиттер: ат әбзелдерін әзірлеу, кейіпкерлер киімдерін тігу, декорациялар соғу жұмыстары жүргізілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер