BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада өткен кинофестивальдің жеңімпазы анықталды

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Астанада қала әкімдігінің қолдауымен алғашқы Saryarka short film festival қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.kz.

Кинофестиваль бағдарламасына 23 фильм және конкурстан тыс 5 жұмыс қатысты. Мақсаты – кинематографияда жаңа жұлдыздарды анықтау, фестивальді шығармашыл жастар мен қазақстандық кино кәсіпқойлары шоғырланған алаңға айналдыру, ал үзілістер арасында еліміздегі танымал режиссерлар Қанат Бейсекеев, Медет Шаяхметов, Олжас Бейловтың жетекшілігімен шеберлік сыныптары өткізілді.

«Түрлі тақырыптар ұсынылған. Ұйымдастырушы ретінде жастардың әртүрлі тақырыпта кино түсіретіні қуантады деп айта аламын»,- деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы, белгілі қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов.

Тоғыз сағатқа созылған фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Роман Гусак «Үздік оператор», Қазбек Рүстембеков «Үздік режиссер» атанды. «Үздік сценарий» номинациясында Олжас Тайгелов көш бастады, «Үздік әйелдер рөлін» Толғанай Талғат, «Үздік ерлер рөлін» Ақмолда Дулыға сомдады, «Көрермендер көзайымы» сыйлығы Самғар Рақымға берілді. Режиссер Дархан Төлегенов «Маршрут» фильмімен Гран-при иеленді.

Дерек көзі: astana.gov.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер