BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада қысқа метражды фильмдер фестивалі өтеді

Астана, BAQ.KZ. 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында елордада қысқа метражды студенттік фильмдер фестивалі өтеді. Көрсетілімге барлық қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Энтузиаст суретшілер тобы ұйымдастырған үш күндік фестиваль «Мәскеу» бизнес-орталығында өтеді. Бағдарламада 23 фильм бар.

«Астаналықтарға жастар киносы қызықты деген ойдамыз. Ертең осы жастардың біреуі үлкен экранға шығып кетер. Кім білген?! Оларға қазір қолдау керек. Ең әсерлі деген фильмдердің өзі де көрермен үшін түсіріледі емес пе», - дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль күндері: 28 қараша, басталуы сағат 19:00-де; 29 қараша – 18:00-де; 30 қараша – 18:00-де; 1 желтоқсан – 18:00-де.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер