BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әр фильмнің табысы туралы мәлімет қолжетімді болуы тиіс

Елімізде көрсетілген фильмдердің табысы және басқа да деректері ашық болуы тиіс. Осы орайда «Кинематография туралы» заң жобасында кино саласында ақпараттық мониторинг жүйесін құру көзделіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Заң жобасындағы бағыттардың бірі – ақпараттық мониторинг жүйесін құру. Көрсетілген фильмдерден түскен қаржы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы ақпараттық жүйе құру мәселесін заңнамалық деңгейде шешу керек», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

«Арман» кинотеатрының директоры Бауыржан Шүкеновтің айуынша киноиндустрия нарығының ашықтығы бұл саланы дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бермек.

«Нарықтың ашық болуына кинотеатрлар дайын ба деген статистикаға қатысты сұрақ туындап отыр. Бізде статистика бар, бірақ жүйеленбеген. Кейбір кинотеатрлар фильм табысын құпияда ұстайды, кейбірі ашық айтады. Дистрибьютор мен киноны көрсететіндер өз шарттарында фильмнен түскен қаржының ашықтығын көрсетуі тиіс. Заң мақұлданса әр картинаның тапқан табысын білетін боламыз. Әлемдік киноиндустрияда кино көрсетілетін нарықтың ашықтығы сол нарықтың сенімділігінің бірінші көрсеткіші. Екіншіден, киноиндустрия статистикасының ашықтығынан инвесторлар бұл елде қандай жанр қызық, фильмді қай уақытқа қою керек және түсімнің қандай екенін біледі. Заң жобасында бөлек бірыңғай оңтайландырылған жүйені құру туралы жеке бап бар. Осы арқылы киноиндустрияны дамыту үшін әрі қарай қалай жұмыс істеу керегін білеміз», - деді Бауыржан Шүкенов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер