BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Апыровтың фильмі "апырым-ай" дегізді

Қазақстандық режиссер Серіка Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі Ресейдегі Орынборда өткен «Шығыс&Батыс. Классика мен Авангард», XI халықаралық фестивальдің бас жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі кинобизнес порталына сілтеме жасап.

Үздік режиссура жүлдесі «Ага» картинасын түсірген Миколо Лазаровке берілді.

Үздік актер атағын режиссер Ханна Слактің (Словения) «Шахтер» фильмінде ойнаған Леон Лючев иеленді.

Режиссер София Джаманың (Франция, Бельгия, Катар) «Сүйкімділерінде» ойнаған Лина Хоудри үздік актриса атанды.

«Әкеге қоңырау шалу» 6 жасар баланың 25 жасқа толғанға дейінгі есею шағын, ата-анасымен түсініспеушілігін, сезімдері мен арпалыстары жайында баяндайтын терең иірімді драма.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер