BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Анджелина Джоли мен Брэд Питтің арасынан қандай ала мысық жүгіріп өтті?

Соңғы аптада әлемнің барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған жаңалық – Анджелина Джоли мен Брэд Питтің ажырасу туралы шешімі. 19 қыркүйекте Джоли ажырасуға құжаттарын тапсырған. Жұлдызды жұпқа қатысты бұл ақпаратты актрисаның қорғаушысы Роберт Оффер растаған. Ажырасу себебіне Джоли жұбайымен арасындағы бітпейтін келіспеушіліктер деп көрсеткен, деп жазады Baq.kz.

Батыстық БАҚ өкілдері Джоли мен Питтің ажырасу себептерін сан саққа жүгіртіп жазуда. Соның бірі ретінде Брэд Питтің балаларына деген қарым-қатынасын атап көрсетіпті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Питт отбасымен бірге сапар барысында ұшақта Джолидің көзінше балаларына дауыс көтеріп, біреуін ұрып жіберген. «Осыған байланысты АҚШ-тың тергеу қызметі Брэд Питтке қатысты қылмыстық іс қозғауы мүмкін» деп хабарлаған болатын шетелдік БАҚ өкілдері.

Алайда кейбір деректер Джолидің саяси белсенділігі де Питт екеуінің жарасымды жұбының түбіне жетті дегенге саяды. Анджелина Джоли БҰҰ-ның ерікті елшісі ретінде «ыстық нүктелерге» жиі баратындығы белгілі. Бірақ Брэдке әйелінің соғыс болып жатқан елдерге балаларын қоса ертіп баруы ұнамаған. Анджелинаны ең мықты деген оққағарлар қорғаса да күйеуі бұндай сапарларды қолдамаған. Әсіресе, Сирияға бару туралы мәселе көтерілсе, жұбайлар арасында үнемі жанжал туып отырған.

Тағы бір деректерде Джоли-Питт ажырасуына Брэд пен француздық актриса Марион Котийяр арасындағы құпия байланыс себеп болды делінген.

Қалай десекте, осы уақытқа дейін әлемдегі ең бақытты отбасы саналып келген Анджелина Джоли мен Брэд Питтің ажырасу себептері тек өздеріне ғана аян.

Питт пен Джоли «Мистер и миссис Смит» фильмінің түсірілімінде танысып, он жылдан аса бірге өмір сүрді. 2014 жылы 23 тамызда Брэд пен Анджелина заңды түрде некелесті. Олардың 6 баласы бар. Оның үшеуін асырап алған.

Дайындаған Жібек МҰҚАШЕВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Қыркүйек 2017, 09:07
Мексикада балық жауды
Пікірлер