BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда XIV халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Алматыда XIV халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылады. Көрерменге «Шәкен жұлдыздары» атауымен жақсы таныс мәдени шарада биыл әлемдік кинематографияның таңдаулы туындылары көрсетіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Фестивальдің бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтың туындыларының атауы берілген. Мысалы, «Тоғысу» бөлімінде көрермен дүние жүзіне танымал толықметражды картиналарды көріп, тамашалай алады. «Атамекен» – бұл түркі халықтары фильмдерінің байқауы, ал «Біз осында тұрамыз» бөлімінде қазақстандық киноленталар сараланып, үздік туындыларға Қазақстан Кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығы табысталады. Ал көрермен фестиваль аясында көрсетілетін фильмдерді қаладағы ірі кинотеатрлардан тегін тамашалайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер