BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«28 панфиловшылар» фильмін интернеттен еркін жүктеуге болады

«28 панфиловшылар» фильмі кинотеатрлардағы прокат аяқталғаннан кейін желіге орналастырылады. Бұл туралы картинаның сценарисі, продюссері, тең режиссері Андрей Шальопа хабарлады.

«Халықтан ақша жинаған кезде фильм халықтікі болатынын айтқан болатынбыз, прокаттан өткеннен кейін оны еркін жүктеу үшін желіге саламыз», - деген продюссердің сөзін келтірді РИА Новости.

Еске салсақ, Алматыда «28 панфиловшылар» көркем фильмінің премьерасы өтуде. Бұдан бұрын аты аңызға айналған дивизияның ерлігі жайында фильмді Қазақстан мен Ресей президенттері Астанада екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумында тамашалаған.

ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер