BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«28 панфиловшы» фильмі қазақ тіліне аударылды

«Қазақфильм» киностудиясы «28 панфиловшы» фильмін Қазақстан бойынша прокатқа шығаруға дайын екендігін хабарлады. Фильм прокатқа 24 қараша күні қазақ және орыс тілдерінде шығады.

Фильм прокатын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырады. «28 панфиловцев» (Санкт-Петербор) тәуелсіз студиясы және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен түсірілген фильмнің тұсаукесері 18 қараша күні Алматыда өтеді. Ресейдегі тұсаукесер рәсімі екі күн бұрын Дубосеково разъезінде болған шайқастың 75 жылдығына орай өткізіледі, ал фильмде көрініс тапқан Волоколамскінің өзінде 16 қарашада өтеді. Ал Ресей бойынша прокат та 24 қарашадан басталады.

Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған.

Хабар 24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер