BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада кинематографияны дамытудың тұжырымдамасын талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Фото: Жандос Кокумбаев

Бүгін Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасында кинематографияны 2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының жобасын талқылау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт минситрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, режиссер, сценарист Тимур Бекмамбетов, кинотанушы Бауыржан Нөгербек және өзге де кинематографшылар, мәдениет, өнер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғылым және өнер саласындағы зиялы қауымдар мен журналистер қатысты.

Аталмыш дөңгелек үстелді өткізу - отандық киноөндірістің даму жолдарының үздік бағыттарын құруға арналған. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының кинематографиясын 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын жете әрі толық талқылау, кино түсірілімнің көлемін арттыруға қарайласу мәселелері, кино өнерінің дамуын қолдау және жоғары сапалы кинотуындыларды түсіру, кинотеатрлар желілерін көбейту және жетілдіру, кино саласының экономикасының өсуі және қазақстандық кино өнімдердің инвестициалық тартымдылығын арттыру.

Тимур Бекмамбетов, кинорежиссер, сценарист:

- Қазір заман мүлде басқа. Қазақтың отандық кино өнерін дамытудың жолдары көп. Соның бірі кинотеатрлардағы билет бағасын арзандату. Өйіткені, дамыған елдердің түсірген киноларымен біздікі бәсекелесе алмайды. Мысалы, біздің отандық кино пайызы өз елімізде 6,7 пайызды ғана құрайды. Бұл көрсеткіш Қытай елінде 99 пайызға дейін жетеді. Сонда өзіңіз салыстырып ойлай беріңіз...

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар кино саласындағы білім берудің және зерттеулік қызмет сапасын арттыру мәселелерін, қазақстандық киноиндустрияның әлемдік кино үрдісіне қосылу жолдарын талқыға салды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер