BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

З.Қабылдинов: «100 нақты қадам» – елді дамытудың жаңа әрі тиімді бағдарламасы

Астана. 19 маусым. Baq.kz – Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» бағдарламасы – елді дамытудың жаңа әрі тиімді бағдарламасына айналды. Бұл жайында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында «Халықтар келiсiмi» қоғамдық қорының директоры Зиябек Қабылдинов мәлімдеді.

 

«Мемлекет басшысының жолдауы – Қазақстанның барлық азаматтарын тәуелсіздігіміздің сенімді тұғырына, халқымыздың таусылмайтын қуат көзіне, барлық қазақстандықтарды біріктіруші күшке айналған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының мәніне терең бойлауға үндейтін құнды құжат болып табылады. Соңғы кездегі әлемдік оқиғалар ұлтаралық түсіністік пен дінаралық келісім факторы елдің орнықты дамуының басты алғышарты болып табылатынын қай жағынан алып қарағанда да айғақтап беріп отыр. Сондықтан, бұл мәселенің мәні қаншалықты зор екенін айтпаса да түсінікті. Бүгінде еліміз көптеген этностар мен діни конфессиялар бейбітшілік пен өзара келісімде қатар өмір сүре алатынын нақты айғақтап келе жатқан ел. Оның дәлелі тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, бір ту астында тату өмір сүріп келеміз» деді З.Қабылдинов. 

 
Дана Сағынбекқызы

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер