BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Polacy» ҚБ төрағасы: Поляктар жер аударылған ауыр жылдары қазақ халқының арқасында аман қалды

Астана. 10 маусым. Baq.kz - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында Астана қаласының «Polacy» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Роговская ҚХА маңыздылығы мен еліміздегі біртұтастық туралы өз ойларымен бөлісті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Елена Артемовна, поляк этномәдени бірлестігінің құрылу тарихына тоқталсаңыз?

- "Polacy" қоғамдық бірлестігі 1999 жылдың 29 қыркүйегінде құрылды. Бүгінде аталмыш ұйым елордадағы 100 астам поляктың басын біріктіріп отыр. Біздің этномәдени бірлестік қаладағы қоғамдық өмірге белсене араласады. Бірлестікте поляк мәдени орталығы мен жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жастармен көп жұмыс істейміз, шығармашылық ұжымдарымыз да бар. «Стокротка» вокалдық ансамбіліз және «Куявячек» би ұжымы ұйымның бетке ұстарлары болып табылады. Ансамбль қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді орындайды. Жексенбілік мектепте оқушылар ұлтымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныса алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығы туралы айта кетсеңіз?

- ҚХА жұмыс істей бастаған уақыттан бері қыруар жұмыс атқарылды. Ассамблея – 100 астам ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ астында біріктірген бірегей халықтық дипломатия институтына айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін үлкен жұмыс атқарды. Ол барша әлемге Қазақстанның сындарлы саясатын, ұлтаралық бірлестіктің қандай болу керек екендігін паш етуде.

Еліміздегі ұлтаралық теңдік пен толеранттылықтан артық не болуы мүмкін?

- Тәуелсіз Қазақстанда түрлі ұлттар мен ұлыстар мәдениетінің тоғысуы бірегей қоғамның негізін қалады. Қоғамдық бірлік бірінші орында. Кезінде поляк халқы өз ұлтын жасыруға мәжбүр болғанын ойлау да қиын қазіргі уақытта. Бүгінде біздің басты байлығымыз – теңдік, тұрақтылық пен толеранттылық болып табылады. 1936 жылы поляк халқы жер аударылған ауыр жылдары қазақ халқының арқасында ғана аман қалғаны тарихтан аян. Барлық ұлттар мен ұлыстар өз мәдениетін дамытуға, насихаттауға мүмкіндік алды. Бұдан асқан бақыт бар ма?...

Биыл ҚХА 20 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осы орайда отандастарымызға айтар тілегіңіз бар ма?

- Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге біздің де бірлестік белсене атсалысуда. Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, тұрақтылық пен ашық аспан тілеймін. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер