BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да ҚХА 20 жылдығына 3D форматта аннимациялық фильм түсірілуде

Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Бұл туралы бүгін «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында БАҚ өкілдеріне берген брифингте облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғали мәлімдеді. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына «Біз соққан ортақ үй» тақырыбында 3D форматта аннимациялық фильм түсірілуде. Фильм жастарды Отанды сүюге, мемлекеттік тілдің насихатталуына және халықтар арасында ынтымақтастық пен достық байланысты нығайтуға үгіттейді. Аталған фильмді 1 маусым ‒ Халықаралық балаларды қорғау күні жарыққа шығару жоспарлануда,‒ деді басқарма басшысы.

‒ Басқарманың негізгі міндеттерінің бірі ‒ ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау болып табылады. Осы орайда ақпараттық-топтардың жұмысына барлығы 400 мыңнан астам адам қамтылып, бұқаралық ақпарат құралдарында 800-ге жуық мақала жарық көрді,‒ деді Б.Құрманғали.

Басқарма басшысының айтуынша, Жеңістің 70 жылдығына ұлттық нақышты айқындайтын 15 мың дана Жеңіс лентасын шығарып, таратқан. Жеңіс күні «Даңқ» мемориалында өткен шарада «Отырар» телеарнасымен бірлесе «Мәңгілік даңқ» шеруін ұйымдастырған. Сондай-ақ, аталған датаға орай басқарманың тапсырысымен өңірден аттанған батырлардың өмір жолы мен соғыс ардагерлерінің ерлігі баяндалған қысқа метражды «Майдангерлер» фильмі түсіріліп, көрерменге ұсынылды.

Баспасөз маслихатында басқарма басшысы алдағы уақытта ел бірлігін нығайтуда облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды ‒ ынтымақ» қоғамдық форумы, отбасы құндылықтарды арттыру үшін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы және патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы өткізілетінін айтса, дінаралық татулықты сақтау бағытында республикалық семинарлар мен ғылыми конференциялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен республикалық семинарлар, оның ішінде «Аймақтық журналистер форумын» өткізу жоспарланғанын тілге тиек етті.

Идеология саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндаған Берік Уалиұлы байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік мақала мен бейнесюжеттерге конкурс жариялағанын айтып, сол байқауға БАҚ өкілдерін белсене қатысуға шақырды. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер