BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев: Әлемдегi мықты елдер — ел iшiнде бiрлiгi бар мемлекеттер

Фото: Нұржас Жақсыбай

Әлемдегi мықты елдер - ел iшiнде бiрлiгi мықты мемлекеттер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз әрдайым осы көктем мезгiлiнде, 1 мамыр мерекесi - Қазақстан халқының бiрлiгi күнi қарсаңында Ассамблея сессияларында кездесемiз. Мен ерекше сезiммен сессия делегаттарымен кездесiп, сессияға төрағалық етемiн. Себебi, әр сессия Қазақстанды дамытудың аса өзектi мәселелерiне арналған. Ассамблея практика жүзiнде бейбiтшiлiк пен келiсiм қорғанына айналды. Сондықтан, мен сессияларға өзiм қатысып, төрағалық етемiн. Бүгiнгi таңда әлеуметтiк интеграция факторын қоса отырып, бiз бiрлiгiмiздi одан әрi нығайтамыз. Бүгiн осы жайлы айтамыз», - дедi Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазiргi таңда әлемдегi мықты мемлекеттер - ол ел iшiнде бiрлiгi мықты елдер. Олардың барлығы бiрыңғай ұқсастықты негiзге ала отырып, жаңғырады.

«Бiз де осы жолға түстiк. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, оның iшiнде «Қазақстанның 100 жаңа есiмi» жобасының басты мәнi де осында. Мен әлеуметтiк бiрлiк саясаты ұқсас әрi шоғырланған бiрыңғай ұлттың маңызды қадамы екенiне сенiмдiмiн», - дедi Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер