BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Менің Елім» автомотошеруінің қатысушылары Астанаға келеді

Астана. 11 маусым. Baq.kz – Ертең Астанада «open space» форматында «Менің елім» автомотошерушілерінің қатысуымен баспасөз-брифингі өтеді.

Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылған жоба «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының аясында «Wheels Brothers MC» Атырау мотоклубымен бірлесе өтіп отыр. 29 мамырда Атыраудан бастау алған жоба отанымыздағы түрлі ұлттар мен конфессиялар арасында достық қарым-қатынас пен байланыс орнату және кездесулер арқылы көпұлтты еліміздің біртұтастық идеясын қолдауды көздейді. Бұл акция Қазақстан халқы ассамблеясының негізіне Елбасы салған идеяларды жас ұрпаққа әсерлі, қолжетімді әрі түсінікті тәсілмен жеткізу ісіне Қазақстан жастарының белсенді бөлігін тартуға мүмкіндік бермек.

Автомотошерушілер Қазақстанның 20-дан астам қалалары (Атырау, Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Зеренді, Қостанай) мен елді-мекендерін басып өтеді. Жолдағы жалпы уақыт 18 күн, ал жүріп өтетін жол 8500 шақырым.

Автомотошерудің ұйымдастырушысы Атыраудағы «Wheels Brothers MC» мотоклубының жетекшісі Олег Шмаль: «Менің елім» автомотошеруі биыл екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Біз былтыр 18 қаланы қамтысақ, биыл қалалар тізіміне тағы бірқатары қосылды. Әр шаһарда жаңаша ойлары бар достармен танысып, бұрын танып-білмеген жерлерде болып, өзіміз үшін көп ұлтты Қазақстанның беймәлім тыныс-тіршілігін білдік».

Атыраудан аттанған шерушілер қатары өзге аймақтардағы автомото қозғалыс өкілдерімен толығып отырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер