BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Менің Елім» автомотошеруіне қатысушылар Астанаға келді (ФОТО)

Астана. 12 маусым. Baq.kz – 29 мамырда Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылған республикалық автомотошеру басталған болатын. Бүгін шеруге қатысушылар Астанаға ат басын тіреді, одан ары Қостанайға жол тартпақ. «Wheels Brothers MC» байкерлер клубының президенті Олег Шмальдің айтуынша, шеруге қатысушылар әр қалада жастармен кездесіп, алған әсерлерімен бөліседі.

- Бұл автомотошеру Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Ассамблея идеялары Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін жақын әрі түсінікті. Жастарға тату-тәтті болуды, бірін-бірі құрметтеуді тілеймін, осылайша ғана гүлденуге қол жеткізе аламыз, - деді Олег Шмаль.

Саяхатшылар командасында Қазақстанның түрлі қалаларының тұрғындары бар, олар туған еліміздің сұлу табиғатымен жақын танысуда. Автомотошеру Атырау қаласында басталып, Қазақстанның 20-дан астам қаласы мен елді мекенін басып өтеді. Қатысушылар Астанадан Қостанайға аттанып, одан әрі Ақтөбе, Орал, Атырау қалаларын басып өтіп, Ақтөбе қаласында сапарларын аяқтайды. Шеруге әр қаланың тұрғындары қатысатындықтан кейбірі үшін жолдың ұзақтығы 24 күнді құраса, ұзындығы 12500 км асады.

Автомото әуесқойларының негізгі колоннасы еліміздің әр қаласындағы белсенді, автомото қозғалыс спортшыларын біріктіреді. Басқа аймақтардағы мотоциклшылар колоннаға қосылып, шеруді аяқтай алады.

«Менiң Елiм» республикалық автомотошеруіне қатысушылар мен оны ұйымдастырушылар келесі жылы бұдан да көп қаланы аралап, қатысушылар санын арттыруға үмітті.

 

Фото: Ғабит Мадалиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер