BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекет басшысы Шымкенттiң тойларын сынады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттегi тойларды сынға алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясында Елбасы ысырапшылыққа жол бермей, ақшаны орнымен жұмсауға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Шымкентте қандай тойханалар салып тастаған, салынып та жатыр. 200-500 адамға кең далада дастархан жайып, табақты атпен әкеледi. Одан да бұл ақшаны жастарға баспана алуға беру керек. Бұл ең жақсы сыйлық. Ендi тұрғын үйдiң бұрынғыдай 50 пайызын емес, 20 пайызын жинау қажет. Қалған 80 пайызын банк 25 жылға бередi», - дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Атап өтсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес бастама аясында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды, бағдарлама бойынша әсiресе жас отбасыларды баспанамен қамтуды тапсырған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер