BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Əлемдегі қақтығыстар Орталық Азиядағы тұрақтылықтың маңызын көрсетіп отыр – Прокопенко

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Қазақстан жəне Орталық Азия: Этноəлеуметтік үрдістер мен этномəдени диалог" атты ҚХА Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесі өтіп жатыр.

Халықаралық кеңесті ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко ашты.

"Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесі тұрақты түрде жұмыс істейтін алаңға айналды. Біз бұл жерде ең маңызды мәселелерді талқылаймыз. Қазір əлемде жəне аймақта этнодемографиялық, этноəлеуметтік жəне көші-қон процестері қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан бұл мәселелерді жан-жақты талдау өзектілігі артып отыр. Орталық Азия аймағына əрине əлемде болып жатқан күрделі процестерінің қысымы сезілмей қоймайды. Мəселен, қазір дүние жүзінде жаппай көші-қон байқалып отыр. 2016 жылдың соңында бүкіл əлемде қақтығыстар мен қудалау салдарынан 65 млн астам адам өз үйлерінен кетуге мəжбүр болған. 2017 жылы олардың саны тағы 2 млн адамға артқан", - деді Прокопенко.

Оның айтуынша, көптеген аймақтар, оның ішінде Орталық Азияда діни экстремизм мəселесі өзекті проблемаға айналған.

"Бұл тенденциялардың барлығы біздің аймақта тұрақтылық сақтау маңыздылығын тағы бір мəрте көрсетіп отыр. Əлем бір орында тұрған жоқ. Сондықтан біздің аймақтың ғылыми кеңес сарапшылары үшін этносаралық қарым-қатынастардың заманауи тенденцияларын талдау, болжам жасау, тəуекелдерді анықтау аса маңызды", - деді Леонид Прокопенко.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер