BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында, сіздермен келіскенде, ротация тәртібінде жылына бір рет өңірлердің этномәдени бірлестігін танытатын Ассамблея төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалады. Ассамблея кеңесі осы жылы қарастырып, маған орынбасар қызметіне «Литуаника» қоғамдық бірлестігінің бірінші төрағасы Виталий Тварионасты және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, меценат Исламбек Сәлжановты тағайындау жөнінде ұсыныс жолдады. Ол қайырымдылық істерді қолға алу арқылы көптеген істерді жүзеге асыруда», - деген Назарбаев аталған кандидаттардың ұсынылған қызметтерге тағайындалуы туралы бұйрыққа қол қойды.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбында өткен сессия барысында Елбасы ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары талқыланды.

Сонымен қатар, Ассамблея төрағасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА XXVI сессиясына қатысушыларының қорытынды үндеуін қабылдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер