BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА - Ұлт жоспары -100 қадам

Астана. 27 мамыр. BAQ.kz – Бүгін Мәжілісте «Қазақстан халқы ассамблеясы» депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Әлиевтің басшылығымен «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» атты Ұлт бағдарламасын талқылауға арналған кезекті отырыс болды.  

Топ мүшелері күн тәртібінде Палатаның әлеуметтік-даму комитетінің мүшесі, саясат ғылымдарының докторы Камал Бұрхановтың «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» тақырыбына жасаған баяндамасын тыңдады.

Ғалым өз сөзінде Ұлт жоспары Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне сенім білдіріп, еліміздің әрбір азаматы сондай жетілген елге лайық болуы керектігін алға тартты.

Басқосуда Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығы бөлім басшысының орынбасары Леонид Прокопенко сөз сөйледі.

Топ мүшелері «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Президент ұсынысын мемлекеттің маңызды стратегиялық құжаты ретінде таныды.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасының негізінде жуырда «100 нақты қадам» бағдарламасы жасалып шықты. Онда көрсетілген 100 тапсырма Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына қосылуына негізделіп әзірленген. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер