BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА «Шерлі шежіре аманаты» форумын өткізеді

Астана. 28 мамыр. Baq.kz – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан халқы ассамблеясы ҚР Президенті Мұрағатымен бірлесіп 29-30 мамырда Батыс Қазақстан облысында «Тарихи тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында «Шерлі шежіре аманаты» халықаралық форумын өткізеді.  

Іс-шаралардың негізгі бөлімі Орал қаласында өтеді деп жоспарлануда. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов қатысады.

Шара аясында Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің жанында «Еске алу акциясы», азақ драма театрының ғимаратында «Мәңгілік Ел» - ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді деп көзделуде.

Конференцияның пленарлық отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ТМД, АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген сарапшылар, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, тарихшы ғалымдар сөз сөйлейді.

30 мамырда іс-шаралар Сырым ауданының Жымпиты селосында жалғасады. Алдымен  «Алаш мұратынан – «Мәңгілік Ел» белесіне» атты еске алу акциясы өтіп, артынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ҚХА: 20 ізгі іс» қайырымдылық акциясы жалғасатын болады. Сондай-ақ, депортациялар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған ас; «Әйел денсаулығы – Ұлт денсаулығы» әлеуметтік консультациялары; жастарға арналған «Құрмет. Түсіністік. Келісім» әлеуметтік тренингі; аудан халқымен «Қоғамдық келісім және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында кездесу; «Теңдессіз сый» - «Дар бесценный» акциясы өткізіледі.  

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер