BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА-ның 20 жылдығы аясында биыл 17 мыңнан астам іс-шара өткізілген

Астана. 18 маусым. Baq.kz – Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында республикамыздың барлық аймағында түрлі іс-шаралар өтуде. Оларға барлығы 8 миллионнан астам адам қатысқан. Бұл жайында бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚХА өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.

Ассамблея өкілдерінің айтуынша, жыл басталғалы бері елімізде 470-тен астам ірі әлеуметтік жоба қолға алынған. Сондай-ақ, 17 мыңнан аса түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған барлығы 8 миллион қазақстандық тартылды.

ҚХА-ның үстіміздегі жылғы айтулы іс-шаралар:

2015 жылы 6 ақпанда Астанада, облыс және аудан орталықтарында ҚХА жылының салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Салтанатты рәсім кезінде 9 республикалық конкурстың басталуы жарияланып, ҚХА жылының жалауы көтерілді.

Небары республикада 2 800 елді мекенде 1 млн. 375 мыңнан астам адам қатысқан 4 120 іс-шара болып өтті.

2015 жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылғанына 20 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан халқының форумы өткізілді. Форум аясында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының қорытындысы шығарылды, өңірлерден келген делегаттар жастардың республикалық «Қамқор» патриоттық жобасы және «Тарих тағылымы» атты қазақстандық кино күндерін жариялады. ҚХА-ның 20 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілді.

5-11 сәуір аралығында Шымкент қаласында Қазақстанның этностық театрларының ІІІ республикалық фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында отандық және қазіргі заман авторларының шығармаларынан этностық театрлар ұжымдарының орындауында қойылымдар ұсынылды.

21 наурызда Астана және Алматы қалаларында, облыстарда Наурыз мейрамына арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты ҚХА фестивальдері өткізілді.16 наурызда және 27 наурызда Көкшетау мен Тараз қалаларында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты республикалық форум өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер