BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХА-20 жыл: Ұйғыр халқының ұлттық аспаптары

Астана. 24 мамыр. Baq.kz – Бүгінде қазақ жерінде күн кешіп жатқан ұйғыр халқы қазақтармен етене сіңісіп қоймай, өз дәстүрлері мен мәдениетін оның ішінде ұлттық музыкасын дәріптеп ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпақ көшіне жеткізіп келе жатыр. Қазақстанның ұйғыр музыка мәдениеті өзінің даралығы мен әуендерінің иірімділігімен ерекшеленді. Қандай да бір мерекелік іс шараны ұйғырдың ұлттық музыкалық аспаптарынсыз елестету мүмкін емес. 

Ғалымдар еліміздегі ұйғыр халқының әндерін екі топқа бөліп қарастырған. Бірі аспапсыз жеке немесе хормен бірнеше дауыста орындалатын әндер тобы болса, екіншісі –бірнеше аспапты оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын әндер тобы. Ұйғырлардың халық әуендері равап, гиджак, дутар, тамбир сынды аспаптардың сүйемелдеуімен орындалды.

Ұйғыр мәдениетінде кездесетін көне аспаптардың бірі – калун. Мамандардың айтуынша калунды әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби ойлап тапқан деседі. Аспаптың жалпы сипатына келер болсақ – ішектерінің орнына сым тартылған, ені - 45 см, биіктігі 15 см болып келетін тұт ағашынан жасалынатын аспап. Бұл аспапты көбінде Орталық Азия және Шынжаң ұйғырлары қолданады. Сол секілді ұйғыр ұлттық аспаптарының ішінде көп бөлігін хордафондар құрайды. Бұл аспаптар жұртты өздерінің түрлі пішіндерімен, дыбыс шығару жолында өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдырады.

Тамбир – кеуде бөлігі 2 бөліктен тұратын, алмұрт тәріздес ұзын мойнына ладтар байланған аспап. Негізінде тұт ағашынан жасалады.

Гирджак – кеудесі жарты шар тәріздес болып келген, жіңішке мойынды аспап түрі. Алғашында екі ішек, кейіннен 4 ішекті түрі пайдаланылып жүр.

Сатар – көп тарамаған. Себебі аспапты ойнау уақытында музыканттан асқан шеберлікті талап етеді. Аспап 9-13 ке дейін ішек сымдарынан тұрады.

Чанг – формасы жағынан трапецияға ұқсас, жайпақ қорап, ішектері сымнан тартылған аспап. Аспап – тұт ағашынан жасалады. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер