BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қабылданған бағдарламаларды үтір-нүктесіне дейін орындау керекпіз – Назарбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында елімізде қабылданған «Бес әлеуметтік бастама», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларындағы айтылғандары үтір-нүктесіне дейін орындалу керектігін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сессия соңында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА XXVI сессиясына қатысушыларының үндеуін қабылдады.

«Үндеуге қарсылық білдірушілер жоқ болғандықтан, оны қабылдадық деп санаймыз және ол қазақстандықтардың барлығына жария етіледі. Біз бүгінгі сессияның аяқталуына тақап қалдық. Сессияға қатысқан және сөз сөйлеген азаматтардың барлығына үлкен рахмет. Биылғы 2018 жыл өте маңызды болды. Біздің экономикамызды модернизациялау жөнінде жолдауым болды, одан кейін «Рухани жаңғыру» және міне, үшіншісі «Бес әлеуметтік бастама». Олардың барлығы бір-бірімен байланысты. Экономикалық, саяси мәселелерді шешу біздің мәдениетімізден, рухымыздан, біздің түсінігімізден бөлек қарастырылмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев рухы биік мемлекет кез келген қиындықтарды жеңе алатынын айтып, осы орайда, 16 млн ғана халқы бар Вьетнам халқының рухын америкалықтар соғыспен де жеңе алмағанын айтты.

«Біздің жер бетінде жалғыз Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Сондықтан, біз осында тұрамыз, бұл ел қандай болады, біздің және балаларымыздың өмірі қандай болады, мұның барлығы өз қолымызда. Сондықтан, қабылданған және мақұлданған бағдарламалардың барлығын орындау аса маңызды. «Бес әлеуметтік бастама», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары біз қабылдаған аса маңызды шешім деп санаймын. Сол себепті, біз онда айтылғанның барлығын үтір-нүктесіне дейін орындау керекпіз. Ол үшін бізде бәрі бар, қаржы бар, адамдар бар. Сондықтан жұмыс істейік», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер