BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халықтар достығы - Қазақстанның тұрақтылығының кепілі

Астана. 15 маусым. Baq.kz – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Дала казактары одағы» этномәдени бірлестігінің төрағасы Николай Коваленко astana.kz сайтына Дала казактары мен еліміз үшін Ассамблеяның маңыздылығы туралы айтып берді.

- Николай Михайлович, этномәдени бірлестіктің құрылу тарихын айтып беріңізші?

- «Дала казактары одағы» Астанада 1997 жылы құрылған. Этномәдени бірлестіктің негізін қалаушы Иван Михайловский. Біздің орталық көптеген қиындықтар мен жетістіктерден өтті, бүгінде біз аяққа нық тұрдық. Қазіргі таңда №31 мектеп-гимназиясының базасында жексенбілік мектебіміз жұмыс істейді. Мұнда 5 мұғалім қызмет етеді, 20-ға жуық адам білім алады. Хореография, ән, қолөнер, ұлтымыздың тарихы, дене тәрбиесі оқытылады. Орталық ашылғаннан бері өте үлкен өзгерістерге ұшырады. Дегенмен, қазір жақсы дамып келеміз. Хор мен ансамбль Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық шараларында өнер көрсетеді. Бүгінде елордада дала казактарының 60-қа жуық өкілі тұрып жатыр және олардың бәрі этномәдени бірлестігімізде тіркелген.

- Дала казактары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы қандай?

- Мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдері тұратынын және әрбір халық өзінің этномәдени орталығының болғанын қалайтынын ескерсек, Қазақстан халқы Ассамблеясы біз үшін нағыз олжа. Ассамблея бізге өте қажет, бұл барлық ұлтты бір шаңырақ астына жинаған бірегей орталық.

- Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл болды. Осы орайда барша отандастарымызға айтар тілегіңіз бар ма?

- Мен барша халыққа береке мен бірлікте өмір сүруді тілеймін. Гүлденген Қазақстанда барлық ұлыстар тату-тәтті өмір сүрсе екен деймін. Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатқан халыққа әлемнің өзге мемлекеттері қызығушылықпен қараса деп ойлаймын. Әрбір қазақстандық өзінің сүйікті ісімен айналыссын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер