BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Болгар этномәдени орталығының төрағасы: Ассамблеяның 20 жылдығы Қазақстан брендіне айналды

Aстана. 28 мамыр. Baq.kz – Бүгінде Астанада 100 жуық, жалпы Қазақстанда 7 мыңдай болгар ұлтының өкілі өмір сүреді. Төрт жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан елордалық «Злата» этномәдени орталығының құрамында 24 адам бар. Алайда бұлар тек болгар ұлтының өкілдері ғана емес, осы халықтың мәдениетіне қызығушылықпен қарайтын басқа да ұлттар. 

«Злата» этномәдени орталығында екі шығармашылық ұжым құрылған. Біріншісі, «Злата» вокалдық тобы, мұнда кіші және үлкен топ бар. Ал «Цветанка» би ұжымы өз жұмысын биыл ғана бастады. Болгар бірлестігі қоғамдық істермен де айналысады: дөңгелек үстелдер, конференциялар, оқырмандар пікірталастарын өткізіп, астаналықтарды болгар мәдениетімен, жазушылармен, болгар ұлтынан шыққан белгілі адамдармен таныстырады.

Қоғамдық бірлестік жетекшісі Ольга Андриевскаяның айтуынша, барлық ірі іс-шараларда олар қонақтарды болгар дың ұлттық тағамдарымен қарсы алады.

Ольга Андриевская, «Злата» болгар этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы:

- Алдағы уақытта болгар мерекесі өтеді: Кирилл мен Мефодийдің славян жазуы және мәдениеті күні. 1 наурыз күін тойланатын мартеница деген мерекеміз бар. Ол Наурызға өте ұқсас.

Ольга Андриевская елордалық этномәдени орталықтардың өзара тату екенін де атап өтті. Олар мерекелерде бір-біріне қонаққа бару арқылы Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың мәдениеті, салт-дәстүрлері жайлы бәрін біледі.

Ольга Андриевская, «Злата» болгар этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы:

- Ассамблея – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құрған бірегей институт. 20 жылдың ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемге танымал, беделді, Қазақстанның өзіндік брендіне айналды. Оның басты міндеті - ұйымшылдық, тұрақтылық, адамдар арасындағы сыйластық. Барша қазақстандықтарды қолымыздағы байлықты - бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырамын. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер