BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Достық үшін» велошеруіне 1100-ден астам адам қатысты

Фото: Нұржас Жақсыбай

1 мамырда Астанада «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1100-ден астам адам қатысқан «Достық шеруі» атты велошеру өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Велошеру сағат 13:00-де Достық көшесінен басталып, қатысушылар Астананың сол жағалауымен жүріп өтті. Маршруттың ұзындығы - 4 100 метр. Спорттық іс-шара Елорданың 20-жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«Астана қаласы әкімдігінің атынан Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі велошеруімізге 1 000-нан астам адам қатысқалы отыр. Менің ойымша, бұл тамаша нәрсе. Елорданың алдына Елбасының қойып отырған көп талаптары бар: соның бірі әсіресе спортпен айналысатын астаналықтардың санын көбейту. Бұқаралық спорт түрлерін кеңірек дамыту, міне осының нағыз айғағы бүгінгі велошеруге келіп отырғандарыңыз. Әрбіріңізді бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Арнайы дайындалып, осында келіп велошеруге тіркелгендеріңіз үшін сіздерге рахмет», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Ол жарияланғанына бір жыл болған Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қалай орындалып жатқанына осындай бұқаралық іс-шаралар айқын дәлел болып отырғанын атап өтті.

«Рухани жаңғыру» деген жаңа дәстүрлердің пайда болуы... Қаламызды біріктіре түсетін, ауқымды әрі жақсы істерге жұмылдыра түсетін осындай веложарыстар, дәстүрлер көбейе берсін», - деді Аманшаев.

Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, жасы 12-ден асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Мұнымен қоса, велошеруге «Астана» Президенттік клубының «Astana Pro Team» кәсіпқой командасының өкілі Дмитрий Груздев те шақырылды.

Велошеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Жаппай шара қала тұрғындарын белсенді және салауатты өмір салтына баулу, сондай-ақ күнделікті өмірде велосипедпен жүруді дәріптеу мақсатында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасымен ұйымдастырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер