BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада 500 домбырашы Құрманғазының күйін қатар отырып орындайды

Фото: nur.kz

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 500 домбырашыдан құралған оркестр «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін орындайды. Флешмоб қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың 20 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала үні» атты ауқымды шараға музыкант ретінде де, көрермен ретінде де қатысуға болады. Ашық аспан астында өтетін мерекелік флешмоб кезінде қазақ ұлттық музыкалық аспабының керемет үні жиналған қауымның жүрегін тербеп, рақатқа бөлейді.

Флешмобқа қатысу үшін dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеуден өтіп, байланыс телефонын қалдыру керек. Айта кетейік, сондай-ақ сайтта шараның өткізілуіне неше күн қалғаны көрсетіліп отырады. Шара 1 мамырда сағат 15:00-де өтеді.

Сонымен қатар флешмобқа белгілі айтыскер ақындар да қатысады. Жандарбек Булгаков пен Сара Тоқтамыс қонақтарды өз шеберліктерімен тәнті етпек. Бұдан басқа, «NOMAD» инструменталды жобасы өзінің танымал композицияларын орындайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер