BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» атты конференция өтті

 Астана. 16 маусым. Baq.kz – Бүгін «Риксос Президент Отель Астана» қонақ үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» атты халықаралық конференциясы өтті.

 Конференция жұмысына Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Беларусь Рсепубликасы Ұлттық Жиналысы Өкілдері палатасының Төрағасы Владимир Андрейченко, Қырғыстан Республикасының Жогорку Кенеші Төрағасы А.Жээнбеков, Ауғанстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан парламентшілері , ҚХА және және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көп этникалық және көп конфессионалды қоғамды дамытуға, халықаралық қауіпсіздікті және қазақстандық халық бірлігі мен қоғамдық келісімін қамтамасыз етуге қосқан үлесін талқылады.

Қонақ үйдің «Шаңырақ» залында халықаралық конференция қатысушыларына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі жайында көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында қонақтар ҚХА құрылымымен және 20 жылда іске асырылған әлеуметтік маңызы бар, қайырымдылық бағыттағы жобаларымен танысты.
Сонымен қатар халық шығармашылығы шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, жиналған қауым назарына сан түрлі өнер туындылары ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер