BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада АӨСШК ұлттық-мәдени орталықтарының халықаралық форумы басталды

Астана. 2 шілде. BAQ.kz – Астанада Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесі ұлттық-мәдени орталығының халықаралық форумы басталды. Форум тақырыбы: «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім және ұлт бірлігінің қазақстандық үлгісі: АӨСШК кеңістігіндегі тәжірибе».

 Шараның негізгі мақсаты – Орталық Азияда және АӨСШК елдеріндегі халықтар арасында мәдениетаралық өзара диалог алаңшаларын құру. Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін зерделеу негізінде тәжірибе алмасу болып табылады.

«Біз жиырма жылдан астам уақыт тарихта қазақстандық жол деген атаумен сақталған бейбітшілік және келісім жолымен жүріп келеміз. 2015 жыл ҚХА үшін тарихи оқиға болды, биыл Қазақстан халқы ассамблеясы жылы екені белгілі. Бұл Қазақстанның өз ішіндегі және сырттағы бейбітшілік пен келісімге негізделген өзгеріссіз саясатының айғағы. Айта кетейік, өткен жылы 5 мамырда елордамызда ҚХА мен АӨСШК арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, онда тараптар ынтымақтастығының негізгі қағидаттары айқындалды. Бұл келісім екі тарап арасындағы өзара іс-қимылды бұрынғыдан да нығайта түсті. Халықаралық ұйымның мемлекеттік органмен бірге құжатқа қол қоюы АӨСШК кеңістігінде алғаш рет болып отыр» деді ҚХА хатшылығы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, биыл сәуірде өткен ҚХА-ның «Мәңгілік ел: бір ел бір тағдыр» атты XXI сессиясы еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің басты айғағы.

«Мәңгілік ел» біздің санамызда нық орын алған ұғым. Елдің мәңгілік болуы – баршаның арманы. Ал, Қазақстанды жаңа сатыға және жаңа сапаға көтеру жолында бұл идея басты бағдарымыз, айнымас темірқазғымыз болатыны анық. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуде негізгі идеологиялық ұстанымға айналатыны сөзсіз» деді Е.Тоғжанов.

Айта кетейік, шараға әлемнің 13 елінен келген ресми делегация өкілдері қатысуда. Оның ішінде Ресейден, Қытайдан және Бангладеш елінен келген өкілдер де бар.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер