BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ассамблея атынан сайланған депутаттардың көбісі қазақ тілін жетік меңгерген

Астана. 5 маусым. Baq.kz – Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісіне сайланған депутаттардың басым көпшілігі қазақ тілін жетік білетіндігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

- Өздеріңіз білетін шығарсыздар, ҚХА атынан сайланған 9 депутат елдегі барлық этностардың мүддесін көздейді. Ал бүгінде олардың басым көпшілігі біздің еліміздің басты ерекшелігінің бірі болып табылатын қазақ тілін жетік меңгерген. Тіпті, олардың қатарында өз балаларын қазақ мектебіне бергендері де бар, - деді Шалатай Мырзахметов.

Оның айтуынша, әріптесі Мұрат Ахмадиев өз балаларын қазақ сыныбында оқытатын көрінеді.

- Мен балаларымның бәрін тек қазақ мектебіндегі қазақ сыныптарына бердім. Олар қазіргі кезде қазақ тілінде менен де жақсы әрі еркін сөйлейді деп маған әріптесім, депутат Мұрат Ахмедиевтің өзі айтты, - деді ол.

Айта кетейік, биыл елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтіп жатыр. Айтулы мерейтой аясында республиканың барлық аймағында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Көпшілігі халықтың әлеуетін, руханиятын арттыруға бағытталған.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер