BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Рухани келісім саяси тұрақтылық кепіліне айналды – наиб мүфти

Фото: ашық дереккөзден

Астана. BAQ.KZ тілшісі. 18 қазан Рухани келісім күніне орай әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бас қосып, мерекені атап өтті.

Бүгінде елімізде 130-дан аса этникалық топ, 18 конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп , 3700-ден астам діни бірлестік қызмет жасауда.

"Құрметті қатысушылар сіздерді ең алдымен біздің осы 27 жылдың ішінде қол жеткізген ең әдемі мерекелердің бірі бүгінгі 18 қазан "Рухани келісім" күннімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыз айтқандай біздер көп ұлтты ел ғана емес сонымен қатар конфессиялы елміз деген, сол себепті де осы мереке халықты бірлікке, ынтымаққа әрі қарай жылжуымызға өте үлкен әсерін тигізіп отыр деп айта аламын", - деді сөз басында ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти Бауыржан Есмахан.

Сонымен қатар, ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына тоқталды.

"Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасында өткен аптада ХІ сьезд болды, оған біз бәріміз ат салысып, қатыстық. Ол жерде әлемдік дін басылары өз ойларымен бөлісіп, ішінара талқыладық. Біздің мұсылмандар басшылыққа алатын Құран кәрімнің өзінде Бужырат сүресінің 13 аятында Алла тағала адамзатқа ескерту жасаған. "Сендерді бір-біріңді жақсы тану үшін ұлттар , руларға бөлдім " деген екен. Сондықтан бұл бір- бірімізді тануға үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Рухани келісім көп ұлттар үшін маңызды сала болып қарастырылады, ал Қазақстан тұрақтылықты көрсетіп, ел дамуына өз септігін тигізуде. Көп ұлтты еліміз үшін біл күннің маңызы зор. Себебі Астана қаласында Елбамының бұйрығы бойынша үлкен этнос аралық , концессия аралық келісімдер нығайып, жиналыстар өткізуде.Осы іш - шаралардың маңыздылығын Үндістанның аса көрнекті жазушысы және қоғам қайраткері Рабинған Табудың " Әрбір ұлт өзінде бар жақсылықты жалпының игілігіне жұмсалуда " деген сөзінен көруге болады.Асыл рух- ұлт байлығы , ал оның жетістігі бір жақты жеке мүдделерге жеңе отырып әлем елдерімен келісіп, рухани бірігуге шақыру болып табылады. Қазақстанда даму жолы дұрыс таңдаған. Бұл саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектесті" , - деп түйіндеді ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти Бауыржан Есмахан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер