BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қор биржасына тартылған жеке тұлғаның үлесі 0,6% – Тимур Сүлейменов

Фото: автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасына тартылған жеке тұлғалардың үлесі – 112 мың. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандық биржалық форумында айтты.

Жиын барысында ол елдің даму көрсеткішінің бірі бағалы қағаздар екенін айта келе, Қазақстандағы көптеген актив әлі күнге дейін мемлекеттік бағалы қағаздармен инвестицияланып келе жатқанын жеткізді.

«ІІ тоқсан қорытындысы бойынша бағалы қағаздар инвестициялайтын зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 7,3 трлн теңгені құрады, оның 54 пайызы мемлекеттік бағалы қағаздармен инвестицияланса, 29,3% мемлекеттік емес бағалы қағаздармен инвестицияланған. Екінші деңгейлі банктерге келер болсақ, олар да мемлекеттік бағалы қағаздармен инвестициялануда, тек 9% ғана мемлекеттік емес. Жалпы алғанда бұл – 470 млрд теңге», - дейді министр.

Сондай-ақ ол соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасына тартылған жеке тұлғалардың үлесі 112 мың екенін айтып өтті.

«Бұл – Қазақстан халқының 0,6 пайызы. Дамыған елдерде халықтың 30-40 пайызының шоты бар. Сондықтан бұл бағытта бізде алдыға ілгерілеушілік бар болғанмен де, атқаратын істер жетерлік», - дейді ол.

Аталған форум ҚР Ұлттық банкі Қазақстан қаржыгерлер Ассоциациясы мен KASE бірлесіп ұйымдастырған қаржыгерлердің VIII Конгрессі аясында өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер