BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның капитал нарығы даму үстінде – сарапшы 

Алматы, BAQ.KZ. Капитал нарығын дамыту көптеген институционалдық, реттеуіштік және нарықтық факторлардың кешенді өзара іс-әрекетіне байланысты. Бұл туралы халықаралық сарапшы Касдорп Ауте Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінде айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның капитал нарығының одан әрі дамуы және өсуі үшін мүмкіндіктер бар. Біріншіден, Ұлттық Банктің қызметіндегі тәуекелге бағдарланған бағытты одан әрі қарау. Екіншіден, қадағалауға арналған тиімді тәсілді одан әрі дамыту. Үшіншіден, осы әдісті және оның нәтижелерін капитал нарығының қатысушыларына тиімді түрде жеткізу.

«Тәуекелге бағдарланған қадағалаудың негіздері проблемаларды болдырмауға көзделген ең аз тәуекелдерге және көреген перспективаға шоғырланатындығын білдіреді. Кейбір мәселелер барынша маңызды: тәуекелдердегі басымдықтарды қалай айқындаймыз және бөліп қоямыз, тәуекелдердің қандай түрлері бар? Егер біз тәуекелдер туралы айтатын болсақ, біз қағидаларға әлеуетті сәйкессіздіктер туралы айтамыз ба және нарықтар мен инвесторлар үшін тәуекелдердің басқа да түрлері бар ма?», - деп атап өтті К. Ауте.

Халықаралық сарапшы орталық банктің немесе агенттіктің тәуекелге бағдарланған қадағалауды енгізгенде бұдан әрі стратегияларды таңдауды қарауға қажеттіліктің пайда болатындығын атап өтті. Мысалы: сіз қадағалау тәсілінде қолбасшылық және басқару режиміне басымдық бересіз бе немесе сіз барынша икемді реттеушілік тәсілге негізделген кейбір мотивациялық стратегияларды енгізесіз бе? Сіз қатаң айрықша қадағалауды пайымдайсыз ба немесе сіз тақырыптық тексерулер сияқты барынша икемді бастамаларды қолдайсыз ба? Не сіз проблемаларды анықтауға бағдарланған жобаларды қолданасыз ба?

«Бұл жерде тиімді қадағалау режимі ғана маңызды емес, сонымен қатар мүдделі тараптарға өзіндік тәсілдер мен нәтижелерді көрсетуде тиімді бола білу маңызды», - деді К. Ауте.

Сарапшының сөзі бойынша, Ұлттық Банк үшін ең үлкен сын-қатер – бұл құқық қолдану статистиканы көрсететін есеп құру мен оны көрсету болып қоймай, нормаларды, сенім білдіру деңгейлерін сақтау болып табылады, сондай-ақ тәуекелге бағдарланған қадағалауда заманауи стратегиялар мен қолданылатын шаралар халықтың қазақстандық нарық капиталына деген сенімінің артуына ықпал етті.

«Тәжірибе көрсеткендей, мұндай нарықтың дамуы үнемі көптеген институционалдық, реттеуші және нарықтық факторлардың кешенді өзара іс-әрекеттесуіне байланысты. Алайда, оны талдап қарасаңыз, қаржы нарығының бөлігі ретіндегі бағалы қағаздар нарығының дамуы маңызды және тұрақты даму үшін өте құнды екенін аңғарасыздар», - дейді К. Ауте.

Спикер қазақстандық нарық капиталына оң баға берді.

«2017 жылдың соңында брокерлердің, дилерлердің ортақ қаржылай көрсеткіштері және инвестициялық портфелі активтерге қатысты жылына 34%-ға, меншік капиталына қатысты – 21 %-ға өсті. 2017 жылы мемлекеттік емес бағалы қағаздардың жалпы капиталдануы 15,4% -ға өсіп, 2013 жылғы 9,9 триллионмен салыстырғанда 26 триллион құрады», - деп атап өтті ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер