BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Фрилансерлер осы айда БЖЗҚ-ға ақша аудара бастайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 8 қазаннан бастап фрилансерлердің ақшасын жинауға кіріседі. ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Мадина Əбілқасымова осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Фрилансерлер дүйсенбі, 8 қазаннан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті аударымдар жасауға кіріседі.

"Бүгін Үкімет отырысында қаулыға дауыс берілді. Қаулы күшіне енген соң бұл норма əрекет ете бастайды. Меніңше, аптаның соңына дейін ол күшіне енеді. Келесі аптадан бастап төлей беруге болады. Жарналарды əр айдың 25-не дейін төлеу керек. Яғни, қыркүйек үшін төлемді 25 қазанға дейін жасау қажет", - деді Əбілқасымова кулуарда берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, төлем қабылдау жүйелерінің дайындығы толық тексерілді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы дайындығын растады. Төлем қабылдауға арналған барлық кодтар бар, қызметкерлер де хабардар. Жарна банктер арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" шотына аударылады, ал корпорация ақшаны БЖЗҚ-ға жібереді. Барлық банктер төлем қабылдауға дайын.

"Фрилансерлер проблема туындаған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" call-орталығына - 1414 жəне БЖЗҚ желісіне - 1418 хабарласа алады", - деді Мадина Əбілқасымова.

Еске салсақ, 2018 жылғы 2 шілдеде азаматтық - құқықтық келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғаларды БЖЗҚ-ға жарна төлеуді міндеттейтін заң қабылданған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер