Сәкен Жолдастың мелодрамасы прокатқа шығады - Қазақ киносы|09 Тамыз 2013, 18:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сәкен Жолдастың мелодрамасы прокатқа шығады

 Астана. 9 тамыз. Baq.kz – Сәкен Жолдастың жастарға арналған «Он и она» комедиясын Қазақстан аумағында Warner Brosers, Universal Pictures, Paramount Pictures, DreamWorks Studio, Central Partnership кинокомпанияларының өкілі «Интер-Фильм» прокатқа шығаратын болды.

    Қазіргі уақытта фильмнің режиссері Сәкен Жолдас пен продюсері Әлия Меңдіқожа «Он и Она» туындысының өңдеу жұмыстарымен Кореяда. 

   Фильм көпшілік қауымның назарына 10 қазан ұсынылатын болды.
   Айта кетейік, бұл фильм осы уақытқа дейін тек әлеуметтік бейнебаяндар түсіріп келген Сәкен Жолдастың кино саласындағы алғашқы туындысы. Ұзақ уақытқа созылған кастингтің қорытындысында фильмнің басты рөлдері жас актерлерлер Жандос Айбасов пен Динара Бақтыбаеваға бұйырған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер