BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Эмир Байғазин АҚШ-тан жүлделі қайтты

Астана. 4 қараша. Baq.kz - Режиссер Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» фильмі 17 мен 27 қазан аралығында АҚШ-та өткен Филадельфияның 22-ші кинофестивалінің «Үздік бастама» және «Үздік операторлық жұмыс» жүлделерін иеленді, - деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық «Үндестік сабақтары» фильмі биылғы жылдың үздік халықаралық туындыларын жинаған «Әлемдік хикаялар» бағдарламасы аясында көрсетілген.
Эмир Байғазин: «АҚШ кинофестивальдерінің біздің фильмді үздік танып жатқандары өте қуантады», - дейді.
«Үндестік сабақтары» Берлин ХКФ-де «Күміс аюды» жеңіп алғаннан кейін Еуропа мен АҚШ-та бірқатар сыйлықтарды иеленген: Сиэтл ХКФ-нің Гран-приі, Базель (Щвейцария) кинофестивалінің Гран-приі, Словакия ХКФ-нің Гран-приі, Лозанна (Щвейцария) ХКФ-нің Гран-приі, Варшава (Польша) ХКФ мен Абу Даби (БАӘ) ХКФ-нің НЕТПАК-тің «Үздік азиялық фильм» сыйлығы, Ресейдің «2morrow/Ертең» ХКФ-нің Гран-приі, Сахалинде өткен «Әлемнің шеті» ХКФ-нің «Үздік операторлық жұмыс» және Гент (Бельгия) ХКФ-нің «Әділ-қазылардың ерекше көзқарасы» сыйлықтарын иеленген. Сонымен қатар картина «А» деңгейіндегі Карловы Вары (Чехия), Сан Себастьян (Испания), Локарно (Швейцария) ХКФ және Монреаль (Канада) ХКФ-нің байқаудан тыс көрсетілімдеріне қатысқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер