BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ішкі нарықта отандық тауар өндірушілер үшін үлкен әлеует бар - ИДМ

Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы ірі іскерлік шара – «Субконтракт биржасы - ІІ Форумы» өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биржаға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Еуразиялық топ» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АҚ, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сияқты ірі тапсырыс беруші компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушы басқа да ірі компаниялар, жүйе құрушы кәсіпорындар, ұлттық компаниялар мен отандық тауар өндірушілердің, сондай-ақ, ЕЭО мүше елдер компанияларының өкілдері келді.

Сонымен қатар, Биржа жұмысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ, Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдері қатысты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев субконтрактілер Биржасы сияқты алаңдарды ұйымдастыру болашақ серіктестерді іздестіруге, ірі тапсырыс берушілердің алдында отандық өндірушілердің әлеуетін көрсетуге, тиімді өндірістік тізбектер құруға және ең бастысы ұзақ және тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді, деп атап өтті. Бұл сондай-ақ, индустриялық дамуды жеделдету, тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіп секторының бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық белсенділігін арттыру.

Оның айтуынша, осы құрал арқылы машина жасау, химия, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп секілді өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары бойынша импорт алмастыру мәселесін шешуге болады.

«2017 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық және жүйе құраушы компаниялардың сатып алуында жергілікті қамтудың үлесі жеңіл өнеркәсіпте 21,3%, машина жасауда - 9,2%, химия өнеркәсібінде - 27,5%, құрылыс саласында - 23,5%-ды құрады. Былайша айтқанда, ішкі нарықта отандық тауар өндірушілер үшін үлкен әлеует бар. Мәселен, өндірісті ұлғайту үшін үшінші елдерден келетін құрамдас жабдықтарды отандық кәсіпорындар шығаратын өнімге алмастыра алатындай мүмкіндік бар. Бұл субконтрактация құралы беретін мүмкіндіктер», - деді Тимур Нұрашев.

Биржаның негізгі мақсаты – бұйымдар, жиынтықтауыш құралдар, тораптар, бөлшектер жасау және жеткізу мәселелері бойынша кооперациялық байланысты реттеу мақсатында шағын және орта бизнес өкілдерінің қазақстандық және халықаралық ірі компаниялармен қарым-қатынас жасауға - тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында өзара тікелей келіссөздер жүргізуге арналған тиімді B2B-алаңдар құру.

«NADLoC» АҚ Басқарма Төрағасы Аділхан Арстановтың айтуы бойынша бұл алаң тапсырыс беруші кәсіпорындар, ірі жүйе құрушы кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, отандық тауар өндірушілер және ЕЭО елдерінің кәсіпорындары арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.

Бүгін субконтракт биржасында Қазақстанның ірі компаниялары отандық тауар өндірушілермен бірқатар келісімдерге қол қойды. «NADLoC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Усов субконтрактация механизмі кооперациялық байланысты реттеуге және импорт алмастырудың дамуына ықпалын тигізеді, деп есептейді.

Биржаға қатысушылар оның маңыздылығы мен мәнін айтып, жүйелі түрде өтіп тұру қажеттілігін білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер