BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депутат Созақ ауданындағы өндіріс орындарын аралады

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділдә Жылқышиев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, Созақ ауданындағы «UKO-S-star» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты алдымен ауданның индустриялдық аймағында орналасқан «UKO-S-Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда уран өндірісі мен кәсіпорындарға арналған металл бөшкелерін дайындайтын зауыттың жұмысы қарқынды. Халық қалаулысы пластик құбырларын шығарумен айналысатын «Благо-Лизинг НПЗ» ЖШС-нің, йодталған тұз шығарумен айналысатын «Дархан-АС» өнідірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

Депутат Байділдә Жылқышиев ұжыммен кездесу барысында: кәсіпорындарды аралаудағы негізгі мақсатымыз Парламент сессиясы аяқталды, сол бойынша қорытынды жасап, халық жағдайымен танысып, қабылданған заңның орындалуын қадағалау. Елбасымыздың бастамасы бойынша кәсіпорындардың ашылуы халықты өнімдермен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Өнімдерді өзімізде өндіру қолға алынып жатыр. Өндіруші де, тұтынушы да өзіміз деді.

Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесу соңында Байділдә Жылқышиев Шолаққорған ауылының шығыс шетінде орналастырылған арнайы индустриялдық аймақтағы өндіріс орындары жұмысшыларының сұрақтарына жауап беріп, жұмыстарына табыс тіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер