Алтайдан анадолыға ауып, бауырлас Түрік елінде ес жиып, етек жапқан қазақ көші сонымен ғана тоқтап қалмағаны белгілі. Гималай асып, қытайлармен ауа соғысып аман жеткен көштегі жас балалар өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Түркиядағы оқу орындарына түсіп, одан әрі Еуропаға оқу үшін аттанып, екінші көш легін түзгені баршамызға мәлім.

