BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бухгалтерлер арасында байқау жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Республика бойынша үздік бухгалтерді анықтау үшін байқау өткізіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мамандықтың беделін арттыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстандағы бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы мамандардың шеберлігін жетілдіру үшін «Үздік бухгалтер» және «Үздік аудитор» бағыттары бойынша «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурсын өткізеді.

Бұл байқау «Pricewaterhouse Coopers» ЖШС аудиторлық ұйымының, «Нархоз» Университеті» АҚ-ның, «ҚМЭБИ» университетінің және «The Boss media group» ЖШС-нің қатысуымен өтеді. Республикалық конкурсты жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Конкурсқа Қазақстанда тұратын барлық кәмелетке толған азаматтар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу ережесімен www.uchet.kz порталында танысуға болады. Жүлделер мен сертификаттарды беру 2018 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласында «Есепке алу, аудит және оларды реттеудегі соңғы өзгерістер» тақырыбындағы конференция шеңберінде ресми салтанаттты марапаттау рәсімінде өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер