BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жастарға кәсіпкерліктің қыр-сыры түсіндірілді

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы «Жастар Отанға!» партиялық жоба аясында Елбасы Жолдауындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында студент жастар мен кәсіпкерлер арасында кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қызылорда қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов Жолдауда Президент бес басым бағыттарды белгілеп бергегін, оның екінші басымдығы – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту екенін атап өтті. Соның ішінде әсіресе кіші және орта бизнестің дамуына ерекше көңіл бөлінген жеткізді.

"Біздің мақсатымыз – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға дейін кем дегенде 50% жеткізу. Бұған еш кедергі жоқ. Себебі Қазақстан азаматтары ауылда да, қалада да өз бизнесін жүргізу үшін 16 миллион теңгеге дейін шағын несие алып жұмыс жасауға мүмкіндіктер қарастырылып отыр", - дейді Шәріп Әбдірахманов.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры Қызылорда облыстық филиалның менеджері Бағдат Жомартов, кәсіп ашқысы келетін студент жастарға қор арқылы бизнес жоспар жасап, тегін оқу курстарына қатысып, екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие алуға болатындығын түсіндірді. Сондай-ақ ол өз сөзінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы және «ҚазАгро»-ның облыстық филиалдары мамандарымен бірге қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындарына арналған «Кеңес беру күні» акциялары ұйымдастырылып отырғандығын айтты.

"Акция барысында жұмыссыз және аз қамтылған отбасы балаларын кәсіпкерлікке тарту мақсатында кеңес, ақпарат беру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара бүгінгі күнге дейін 7 ауылдық округте өткізілді. Болашақта тоқсанына бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді Бағдат Жомартов.

Партияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, кездесу барысында жастар мамандармен еркін пікір алмасып, сұрақтарын қойды. Кәсіпкерлер бизнес жолында бастарынан өткен қиындықтарға және жеткен жетістіктеріне тоқталып, жаһандану заманында бизнестің жаңа түрлерімен шұғылдануға кеңес берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер