BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменде негізгі тұтыну тауарларының бағасын арнайы штаб бақылауға алды

 Астана. 25 тамыз. Baq.kz - ШҚО-да 50 мыңға жуық дәрі-дәрмек түрі мен азық-түліктердің бағасы тұрақты. Өскемен қаласында құрылған жедел штаб өкілдері күнделікті дәріханалар мен көптеп сату орындарында бақылау жүргізіп, бағаларды қадағалауға алды.

 Жедел штабтың өкілі Майраш Екібасованың айтуынша, әзірше себепсіз бағаны күрт өсірген нысандар байқалмады.
– Штаб жұмысының алғашқы үшкүндігінде қала тұрғындарынан ешқандай баға өсімі бойынша шағым түспеді. Штаб мүшелері бағаларды бақылай отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Егер бағаны өсірген сауда орны анықталса, бірден монополияға қарсы комитетке хабарласып, шара қолдануын сұраймыз, – деді Майраш Екібасова.
Сонымен қатар, штаб облыс орталығында әр апта сайын өтетін жәрмеңкелердегі де бағаларды қадағалауға алады.

 

Фото: Баспасөз қызметінен. 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер